10.05.2016, 21:11
Оқылды: 27

Облыс əкімі Алтай Көлгінов Ақпəтер ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде болды

muzei         Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгінов Қазталов ауданындағы Ақпəтер ауылының тарихи-өлкетану музейінде болды. Музей меңгерушісі Кəрім Өтеғұлов музейдің жəдігерлерінен сыр шертті.


    Ауылда музей ресми түрде 2014 жылдан бастап істей бастады. Қорда 3 мыңдай экспонат бар. Мекеме жанында "Ана мен бала" тақырыбында тұрғызылған монументтің тəрбиелік мəні зор. Қазіргі кезде ескерткіш жөнделуде.

    Кейін Жалпақтал ауылы əкімдігінде облыс басшысы Алтай Көлгінов жəне Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Рашит Ахметов еңбек жəне тыл ардагерлерімен кездесті. Ақсақалдар аудандағы елді мекендерді газдандыру, ауыз су тарту, мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, су қоймаларын кəдеге жарату жəне басқа да күрмеулі мəселелерді шешу жайын "қабырғасынан қойды".

    Облыс əкімі алдымен жоспарға белгіленген нақты істерге қаржыны тиімді жұмсау қажеттігін, назарға ұсынылған мəселелер уақытымен шешімі табылатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале