27.04.2016, 12:33
Оқылды: 34

Облыс əкімі «BEE'AH» компаниясының өкілдерін қабылдады

Screenshot_2016-04-27-12-46-21-1    Облыс әкімі Алтай Көлгінов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «BEE'AH» компаниясының өкілдерін қабылдады.


      2007 жылы құрылған аталмыш компания қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет етеді, нақтылап айтқанда, қоқысты толық өңдеп, одан жаңа материалдар шығаратын әлемдегі үшінші компания болып саналады. Олардың қызметін негізінен БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман сынды мемлекеттер пайдалануда.
Облыс басшысымен болған кездесуде компанияның бас атқарушы директоры Фахад Али Шехейл Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын өркендеп келе жатқанын тілге тиек етті. Соған орай «BEE'AH» компаниясы биыл Қазақ еліне, соның ішінде Ақ Жайық өңіріне атбасын бұрып отыр. Бұл олардың Қазақстандағы алғашқы жобасы. Егер облыс орталығында қоқыстардың көлемі мен құрамы олардың талабына сай келсе, көп кешікпей бұл бағыттағы жұмыстарын бастамақшы.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале