11.05.2016, 9:24
Оқылды: 32

Облыс басшысы Қараөзен суы тасығанда "Автобаза" бөгеті жиі бұзылатынынан хабардар болды.

kopir    Облыс басшысы Алтай Көлгінов сапар барысында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының қасындағы "Автобаза" бөгетін Қараөзен суы тасығанда жиі бұзылатынынан хабардар болды.


     Бұл жайт жайдақ жолдағы автокөлік қатынасына кедергі келтіретіні мəлім. Ал жақын маңдағы "Гүрілдек" бөгетіне толатын өзен суы шабындыққа нəр, ауыл шаруашылығына оң нəтижелі болуы үшін үлкен жыраға айналған су арналарын қалпына келтіріп, бөгеттен ағатын суды аудан аумағындағы үш қоймаға бағыттаған жөн.

      Мамандардың айтуынша, тиімді шаралар қабылдаса, бұл бөгеттер кəдеге асады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале