7.07.2016, 21:38
Оқылды: 38

Облыс əкімі айтыскер ақынды жеңісімен құттықтады

FB_IMG_1467907969279Облыс әкімі айтыскер, ақын Бауыржан Ширмединұлын қабылдады. Алтай Көлгінов өнерпазды таяуда ғана Астана күніне арналған айтыстан ұтқан бас жүлдесімен құттықтады. Жас ақынның өнерге қосып жүрген үлесін баса айтып, жылы лебізін білдірді.


Бауыржан Ширмединұлы 1992 жылы 30 шілдеде Сырым ауданы, Өлеңті ауылында дүниеге келген. Ақын, айтыскер. Поэзия мен айтыс өнеріне 2012 жылдан бері танымал. Осы жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Рәміздерім – ұлтымның мақтанышы!» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасында І орын иегері атанып, үлкен өнерге тұсауы кесілді. Бауыржан - М. Өтемісов атындағы БҚМУ университетінің 80 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының, Ж.Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған республикалық «Ардақтысы Алаштың» атты ақындар мүшайрасының жеңімпазы. «Облыс ақыны» атағының иегері, облыстық, аймақтық ақындар айтысының жүлдегері.
Күні бүгін Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінде тілшілік қызмет атқарады. Өз саласында Ғ.Қараш пен Е.Бұйрин атындағы облыстық «Тілші болғым келеді...» облыстық сайысының бас жүлдесі, «Жыл үздігі – 2015» БҚО Жастар сыйлығының дипломанты («Үздік жас тілші»), «Тәуелсіздік тірегім!» атты әлеуметтік желілердегі үздік пабликтың жеңімпазы сияқты бірқатар жетістіктері бар. Өткен жылы спорт жаңалықтарын жариялауда «Үздік журналист» атанды.
Осы жылы туристік өлкетану қызметін насихаттаудағы қызметі үшін "Үздік тілші" аталымын алды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале