25.06.2016, 22:51
Оқылды: 29

Облыс басшысы жастар тілегіне құлақ асты (ФОТО, ВИДЕО)

FB_IMG_1466872565391Сәулетті келбетімен көз тартатын алып ғимарат - аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барған өңір басшысы Алтай Көлгінов жас спортшылармен әңгіме-дүкен құрап, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында өзара ой бөлісті.


FB_IMG_1466872587201Жүз алпыс орынға лайықталған кешенде спорттың қазақша күрес, дзюдо, волейбол, футбол, қол күресі, үстел теннисі, еркін күрес, тоғызқұмалақ, бокс түрлерімен 312 оқушы шұғылданады. Болашақ жеткіншектер үшін 13 жаттықтырушы-педагог қызмет етеді.
Кешенде ауданның белсенді жастарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме-дүкен құрады.
Белсенді жастар Сандуғаш Бұзаубағарова, Әмірбек Жәнібеков, Нұргүл Қабылан, Асият Хасиновалар діни экстремизмнің алдын алу, халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы т.б мәселелер жөнінде сауалдар жолдап, тиісінше жауаптар алды.
Өнерлі жас Мерей Амангелдиев терме орындап, өңір басшысынан қонақкәде сұрады. Алтай Сейдірұлы жастардың тілегіне орай "Ерке сылқым" күйін шертіп берді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале