25.06.2016, 20:39
Оқылды: 28

Облыс басшысы Қалдығайты көлтабанды суландыру жүйесі нысанында болды

FB_IMG_1466865379934Облыс әкімі А.Көлгінов Қаратөбе ауылдық округінің Үшағаш ауылы аумағындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген «Қалдығайты көлтабанды суландыру жүйесі» нысаны мен Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі 5 елді мекенді қамтитын сумен жабдықтау жүйесі нысанында болды. 


FB_IMG_1466865384357Шабындық, ауылшарушылығы жерлерін суландыру мақсатын көздейтін жобаның құны 88,7 млн. теңгені құрайды. Бас мердігер – «Құрылыс Газ» ЖШС. Маусым айында басталған жұмыстың аяқталу мерзімі желтоқсан айына белгіленіп отыр.

Облыс әкіміне нысандардың жұмысы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев пен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев баяндап берді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале