13.10.2015, 14:37
Оқылды: 13

Облыс біріншілігінен жүлделі оралды

скачанные файлыОрал қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында өткен облыс біріншілігінен мичуриндік өрендер жүлделі оралды.

Атап айтар болсақ, 73 келіде өнер көрсеткен Әділжан Қалиев финалда ғана сүрініп, күміспен күптелсе, тағы бір мичуриндік палуан қаламыздағы спорт интернатының тәрбиеленушісі Досжан Өтепқалиев 42 келі салмақ дәрежесінде облыс чемпионы атанып, ел біріншілігіне жолдама иеленді.

Спортшылардың жаттықтырушысы Рафхат Құрманқұлов: «Бұл жарыс ел біріншілігіне жолдама беретін болғандықтан, барлық спортшылар мықты дайындықпен келеді. Жүлдегер атанған тәрбиеленушілерімнің өнері көңілімнен шықты. Ел біріншілігінде де жүлде саламыз деген сенімдемін»,-дейді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале