7.09.2016, 9:00
Оқылды: 20

Облыс және қала тұрғындарының назарына!

zhpress (1)9 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00 мен 12.00 аралығында Батыс Қазақстан облысы ІІД кіші порталында /http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO/ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында интернет-конференция өтеді. БҚО ІІД Жергілікті полиция басқармасы басшылары мен қызметкерлері қоғамда орын алатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап береді.

Егер сұрағыңыз болса Сізге алдымен  кіші порталға тіркеле отырып, «Тіркелу» сөзін басып (кіші порталдың оң жақ бұрышында орналасқан), берілген тиісті нысандағы сауалнаманы толтыру қажет. Тіркелгеннен кейін «Мультимедиа» бөліміне кіріп, «Конференция» бөлімін таңдау арқылы аталған конференцияға қатысты сауалыңызды қалдыра аласыз.

 

 

БҚО ІІД баспасөз қызмет

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале