23.08.2016, 18:09
Оқылды: 39

Облыс прокуроры – Қаратөбе ауданында

Облыс прокуроры – Қаратөбе ауданында  Қаратөбе ауданының прокуратурасында Батыс Қазақстан облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов аудан тұрғындарын қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

         Облыс прокуроры Сапарбек Айтуұлының қабылдауына келген қаратөбелік азаматтар кәсібін бастауға жер алу, ажырасқан азаматтардан алимент өндіру мәселелері бойынша шағымдарын жеткізді.


   Қабылдауға келген барлық азаматтардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған Сапарбек Нұрпейісов оларға заңдық тұрғыдан кеңес берді.

   Тұрғындар шағымдарының орындалуын Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитовқа тапсырған облыс прокуроры оларды қадағалауды тікелей өз бақылауына алатындығын ескертті.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале