14.01.2016, 1:12
Оқылды: 15

Облыс тұрғындарына күн райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды

коктайгак «Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 13-14 қаңтар күндері БҚО-ның кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Орал қаласында осындай ауа райы сақталып, желдің екпіні секундына 18 метрге жетпек.


Осыған орай БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ескерту жариялады. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаны болдырмау, өмірлік маңызы бар нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алынуда.

Айта кетейік, қазіргі сәтте өңірде жел көтеріліп, жаяу бұрқасын жүріп жатыр, жолдарда көктайғақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале