12.05.2016, 10:19
Оқылды: 28

Облыс құрамасы Түркістан төрінде белдеседі

Shingirlau oblis kyramasi Tyrkistan   Самбодан спорт ардагерлерлері арасында өтетін Қазақстан чемпионаты биылғы жылы киелі Түркістан қаласында өткізілетін болып ұйғарылып, ауданымыздан бүгін осы бәсекеге самбо күресінен Израиль мемлекетінің Ашдот қаласында өткен әлем  чемпионатының жеңімпазы Қайсар Құсайынов аттанды. Жерлесіміз бұл жолы да БҚО самбо құрама командасы қатарында күреске түсіп, облыс намысын қорғайтын болады.  Команданы самбодан  6 дүркін әлем чемпионы, спорт ардагері  Қазболат Құрмашев бастап барады.


    Үміт күттіретін спортшылар қатарында жоғарыда аталып өткен Израильдегі әлемдік белдесуде ІІІ орынды жеңіп алған облысымыздың палуаны, спорттан дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Қанат Жанғалиев те бар.

    -Бізде спортшы жастар және спорттан жетістігі зор, үміт күттіретін спортшылар да жетерлік. Соларды халыққа таныту, жастарға үлгі ету-біздердің, аға буын спортшылардың, бапкер-жаттықтырушылардың міндеті деп ойлаймын. Дені сау ұлт қалыптастыру, жас ұрпақты спортқа құлшындыру, жалпы бұқараны спортқа тарту елдік мәселе, сондықтан бұл мәселеге аса байыптылықпен қарау керек. Бара жатқан бәсеке де оңайға соқпайтын, еліміздің барлық облыстарынан ең мықтылар мен үздіктер бас қосатын жарыс. Әдетте, Қостанай, Шымкент және Ақтөбе командалары мықты дайындықпен келеді. Алдыңғы жылғы осындай бәсекеде жалпы командалық есепті біздің БҚО құрамасы І орынды жеңіп алған-ды. Биыл да жігіттерге сенеміз, үміт көп,- деп отыр Қазболат Құрмашев.

    Әрине, батыстың балуандары сынға түсер жерде оларға сәттілік тілеп, облысымыздың мерейінің үстем болуына тілек білдіріп, спортшыларды шығарып салдық.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале