6.01.2016, 12:53
Оқылды: 88

Облыс әкімінің жаңа жылдық құттықтауын табыстады

 Karatobe ardagerge kyrmet  Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагерлері Құрманғали Ысқақов пен Фазыл Ихсановтың шаңырағында болып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жаңа жылдық құттықтауын табыстап, ардагерлерімізді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


– Бүгінгідей өмірге жетуімізге үлкен үлес қосқан сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Біздің жарқын өмір сүруімізге мол үлес қостыңыздар. Сондықтан дендеріңіз сау болып, ортамызда аман-есен жүрулеріңізге тілектеспін,- дей келе, Асхат Берлешұлы, облыс әкімінің құттықтау хаты мен мерекелік сый-қоржынды табыс етті. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының құттықтауында былай делінген:

         -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық дүбірлі мерейтойы аясында өтетін Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Тарихтың жаңа парағына біз бәрімізбірге, әрі әрқайсысымыз өз алдымызға жаңа үміт артамыз, олай болатын себебі: өз ошағымыз бен ортақ Отанымыздың гүлденуі қызмет жасағымыз келеді. Өмірге ғашықтық пен тынымсыз еңбегіңіз үшін, табандылық пен ертеңгі күнге деген зор сеніміңізге рахмет айтамын!

         Біздің бір сапта жүріп көп нәрсеге қол жеткізетіндігімізге берік сенемін. Бұл сенім біздің өңіріміздің даңты тарихынан бастау алады, әрі өмірлік тәжірибеде әбден сыналған. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын, ойға алған барлық арман-мақсаттарыңыз жүзеге ассын. Өзіңізге және барша жақын туыстарыңызға мықты денсаулық тілеймін.

         Қос қария да әрқашанда еңбегімізді елеп, мереке сайын ұмытпай өзінің сәлемін жолдап отыратын Нұрлан Асқарұлына шын көңілден риза екендіктерін жеткізді. – Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Соғыс болмасын. 2015 жыл өңіріміз үшін, ауданымыз үшін табысты болды. Келер жыл да осындай табыстарымен келіп, жұртымызды қуанышқа бөлесін. Еңбектеріңіз жемісті болып, отбасыларыңыз аман болсын, - дейді жусандыойлық ардагер Фазыл Ихсанов атамыз.

         Құрманғали атамыз да облыс, аудан басшылығына ризашылығын жеткізіп, жаңа жылдың табысты болуын, елдің тыныш болып, Қазақстанның қарыштап дами беруіне тілектестігін жеткізіп, ақ батасын берді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан МЕҢДЕШОВ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале