23.09.2015, 18:02
Оқылды: 49

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Сафинді 90 жасқа толуымен құттықтады

Hamza Safin   ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде  облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, Орал қаласының құрметті азаматы Хамза Сафинді  90 жасқа толуымен құттықтады.

- Ұлы Отан соғысына қатысып, ел қорғап, біраз жыл құрылыс саласында елеулі еңбек еткен Хамза ағамыз 90 жасқа келіп отыр. Облыстық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де сізді мерейлі жасыңызбен құттықтауда.  Жасыңыз құтты, деніңіз сау болсын. Немере-шөберелеріңіздің қуанышына кенеле беріңіз, - деп  Бақтияр Мәкен естелік сыйлық табыс етті.

Шарада сөз алған мерейтой иесі еңбегін елеп,  мерейлі жасында құрмет көрсеткен үшін  ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

www.zhaikpress.kz

  Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале