26.05.2016, 13:25
Оқылды: 20

Облыс әкімінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

Akjayik oblis akiminin tapsirmasin orindau maksatinda   Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылдың 23 ақпанындағы бекітілген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жеке тұлғалар көлік құралдары салығының бюджетке түсуін қамтамасыз ету, сот бұйрықтары бойынша берешекті өндіру жұмыстарын жүргізуде.


   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 369-бабаның 3-тармағын бұзған 1205 жеке тұлғаға көлік құралдар салығын уақтылы төлемегендігі туралы жыл басынан бері хабарлама жіберіліп, бүгінге 387 салық төлеуші хабарламаны орындады.

   Ал хабарламаларды уақтылы орындамаған 64 жеке тұлға қатысты аудан сотына бұйрық шығаруға өтініш жолданып, солардың 39-ына сот бұйрығы шығарылды.

    – Ақжайық аудандық аумақтық сот орындаушысы шығарылған сот бұйрықтары бойынша жеке тұлғалардың жылжымалы мүліктеріне және басқа елге шығуға тыйым салу, жұмыс орындарына және зейнетақы төлеу орталығына берешегі бар салық төлеушілердің тізімін жолдап, берешек сомаларды өндіруде. Кірістер басқармасының мамандары аудандық аумақтық сот орындаушысымен бірлесе, сот бұйрықтарын орындау мақсатында салық төлеушілермен ұғындыру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде бүгінге дейін аталған сот бұйрығы шығарылғандар арасынан 6 салық төлеушіден берешек сомалары өндірілді,-дейді кірістер басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Төлегенов.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале