4.02.2016, 10:54
Оқылды: 17

Облыс әкімінің қатысуымен Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламановтың халық алдындағы есепті жиналысы өтті

????????????????????????????????????

 Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламановтың халық алдындағы есепті жиналысы өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан, стратегиялық бағдарламаларынан туындайтын меже-мұраттар аудан әкімі есебінің өзегіне айналды.


Ақжайық ауданында былтыр 858,6 млн. теңгенің әр түрлі салықтары мен төлемдері жинақталып, бекітілген жоспар (849,5 млн. теңге) 101,7%-ға орындалды. Салықтар мен төлемдердің түсімі 27,6 млн. теңгеге өсті.

Бюджет көлемі 5,3 млрд. теңгені құрап, 99,9%-ға игерілді.

Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 11,1 млрд. теңгені құрады. Шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан берілген көмектерді пайдалана отырып, асыл тұқымды 636 бас мүйізді ірі қара, 114 бас қошқар, 140 бас жылқы сатып алды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары «Агробизнес» бағдарламасымен қатар, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларына қатысуда. Берілген тапсырма «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 24,5%-ға, «Құлан» бойынша 84,7%-ға, «Алтын асық» бойынша 44,3%-ға артық орындалды.

Нұрлан Ноғаев бүгіндегі әлемде кездесіп отырған қиындықтардан үрейленудің қажеті жоғын, өркендеуіміз үшін қолдағы мүмкіндікті уыстан шығармай, «Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз» дегендей, барды жаратып, қанағатты да ұмытпау керегін еске салды.

Н.А.Ноғаев Тайпақ ауылдық округіндегі Шабдаржапта жаңа мектеп салуды КПО-ның әлеуметтік бағдарламаларға бөлетін қаражатынан көзделіп отырғанын, ұсыныс берілгенін айтты.

Қорытынды есепте облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық басқарма, ұйымдар жетекшілері қатысты.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале