6.01.2016, 12:15
Оқылды: 68

Облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті

Jalpaktal oblis akiminin kttiktaui   Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің отбасында болды.

Ауыл әкімі «Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз», - деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтің құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті.

Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан майдангер ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен.

Ардагер аудан, ауыл көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, өз пікірін білдіре отырып, ақ батасын берді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале