29.04.2016, 17:33
Оқылды: 32

Өңір басшысының атынан облыстық балалар туризмі және экологиялық орталығының директорына автокөліктің кілтін табыстады

Famin     Облыстық қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай Ү облыстық «Хрустальды шоқыр» жүлдесінің салтанатты марапаттау  кеші өтті.

     Балалар мен жасөспірімдер туризмінің мақсаты өскелең ұрпақты Отанын сүюге, туған жердің табиғатын аялауға, оны кеңінен танытуға негізделгендіктен «Хрустальды шоқыр» жүлдесі балалар туризмінің «Оскары» саналады.

     Мерекелік кеш қазақ драма театрының әртістерінің әзірлеген арнайы қойылыммен ашылып, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева туризм жанкүйерлері мен жанашырларын арнайы жеңістерімен құттықтады.

     Сондай-ақ Айгүл Әділгерейқызы облыстық балалар туризмі және экологиялық орталығының  директоры Виктор Фоминге  облыс әкімі Алтай Көлгіновтың атынан автокөліктің кілтін табыстады.

     Кеште бірнеше аталымдар бойынша байқау жеңімпаздары анықталды. Олар «уристік-өлкетану қызметін үздік ұйымдастырған жалпы орта білім беретін мектеп,  кәсіптік-техникалық колледжі,  мектепке дейінгі ұйым, қосымша білім беру ұйымы, жазғы далалық лагерді үздік ұйымдастырған стационарлы, шатырлы лагерлер, «Үздік ғылыми-әдістемелік зерттеулер», «Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік-өлкетану қызметін насихаттағаны үшін», «Балалар туризмін дамытудағы жергілікті атқарушы органдар рөлі» аталымдары бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. Жүлдегерлерге «Хрустальды шоқыр» сыйлығы табысталды. Сондай-ақ, «Орал өңіріндегі балалар туризмін дамытуға өз үлесін қосқаны үшін» мерейтойлық  төсбелгісімен Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова ие болса, балалар туризмін дамытудағы жергілікті атқарушы органдардың ішінен Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков, 2015 жылғы туристік-өлкетану қызметін ұйымдастырудағы барлық бағыттағы жұмыстардың қорытындысы бойынша Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов марапатталды.

    Бұдан кейін Виктор Фомин «Орал өңіріндегі балалар туризміне 55 жыл» атты іздестіру-зерттеу эстафетасының жалауы мен зерттеу альбомын облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевқа тастап, кештің шымылдығын жапты.

 www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале