14.06.2016, 18:30
Оқылды: 17

Облыс әкімі Алтай Көлгінов ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті қабылдады

Hasangaliev   Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевті қабылдады.

  Жылы шырайлы кездесуде өңір басшысы өнер қайраткеріне қош келдің айтып, шағармашылығына табыс тіледі.


  Айта кетейік, ертең облыстық қазақ драма театрында өңіріміздің тумасы, талант иесі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың әндерін орындаушылардың VIII Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді.

  Сондай-ақ бүгін кешке әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның  ұлы Біржан Хасанғалиевтың шығармашылық кеші өтеді деп күтілуде. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысады деп жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале