6.05.2016, 20:50
Оқылды: 14

Облыс әкімі ардагерлерді қабылдады

Kolginov saltanat sarayi    Оралдағы Салтанат сарайында облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қабылдады.

     Өңір басшысы Алтай Көл­гі­нов алдымен залдағы мерекелік басқосуға жи­налған ардагерлердің әрқай­сы­сымен амандасып, қал-жағдай­ла­рын сұрап білді.


     Одан кейін жиынды ашып, биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келге­нін айта келе, ардагерлердің уақыт бөліп, мерекелік басқосуға шақыр­­туды құп алғандарына риза­шы­лығын білдірді.

    - Сонау қиын заманда жау кел­ген кезде батылдық танытып, қан төгіп, бізге бейбіт өмір сыйла­дыңыздар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан да ардагерлерді ардақтауды ең ма­ңызды мәселе етіп алдымызға қойып келеді. Өткен жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойладық. Жыл басынан Президентіміздің өзі әр ардагерді құттықтады. Енді биыл Жеңістің 71-жылын қарсы алудамыз. Өздеріңізді осы мерекемен құттықтап, дендеріңізге сау­лық, отбасыларыңызға амандық тілегім келеді. Арамызда аман-есен ұзағырақ жүріңіздер. Сіз­дер­дің батырлықтарыңыз - бүгінгі ұрпаққа үлгі. Кейінгі ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді. Тәуелсіз Қазақстанда ашық аспан астында, бейбітшілікте өмір сүруіміз - сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Соғыс және тыл ардагерлерінің аянбай еңбек еткен нәтижесін кө­ріп отырмыз. Соның арқасында еліміз даму үстінде, елдің бола­ша­ғы жас ұрпақ ертеңіне сенеді, - де­ді Алтай Сейдірұлы.

     Одан әрі өңір басшысы Елбасымен қабыл­­данған барлық мемлекеттік бағ­дар­ламалардың жүзеге асырылуына, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен жолдардың жә­не тұрғын үйлердің, әлеуметтік және өндірістік нысандардың жылдан-жылға көптеп салынып жат­қа­нына тоқталды. «Елбасымызбен қабылдаған бес институционалды реформасы аясында еліміздің дамуына, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көте­руге бағытталған нақты-нақты жұ­мыстар атқарылуда. Сол жұмыс­тар­да өңіріміздің дамуына сіздер­дің қосқан үлестеріңіз мол. Сол үшін сіздерді мақтан тұтамыз. Со­ғыстың алғашқы жылдарында елімізге көптеген әскери зауыттар көшіп келді. Соның біреуі - Ворошилов, қазіргі «Зенит» зауыты. Сол зауыт қару-жарақ шығарып, же­ңі­с­ті жақындатуға үлес қосты. Же­ңіс­тің болуына қазақстандықтар­дың қосқан үлесі мол, соның ішінде батырлар - өздеріңізсіздер. Сіздердің алдарыңызда басымыз­ды иеміз. Мерекемен әріптесте­рімнің атынан шын жүректен құт­тықтаймын», - деді Алтай Көлгінов.

     Мерекелік жиынға келген ардагерлер атынан М. Абдрахманов, А. Митрохина, Л. Губанова және өзгелері Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлердің басын қосқан өңір басшылығына алғыс айтты.

    Облыс әкімі Алтай Көлгінов ар­дагерлерге сыйлық қоржын табыс етті. Сонымен қатар «Uniserv» ЖШС компаниясының өкілі де өз сый-сияпаттарын ұсынды. Өңір­­де­гі облыстық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Сәтбаев басшы­лық жасайтын аталмыш компания би­ылғы мамырдың 6-16-сы күн­де­рі аралығында «Ұлы Жеңіс үшін мың алғыс» акциясын бастады. Осы акция бойынша облысымыздағы 189 соғыс ардагерінің әрқайсысына 20 мың теңге көлемінде қаржылай сый-сияпат көрсетеді. Аудандағы майдангерлерге сыйлық көмекті аудан әкімдіктері арқылы табыс­талмақ.

    Жылышырайлы басқосуда ауыл-аймақтан жиналған қария­лар ме­рекелік дастарқаннан дәм ауыз тиіп, шүйіркелесіп серпіліп қалды. Сонымен бірге Ғ. Құрманға­­лиев атындағы облыстық филармония­ның әртістері дайындаған бағдар­ламаны тамашалап, ән-күй тың­дады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале