27.05.2016, 15:37
Оқылды: 27

Облыс әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды

Zelenov akim kyttiktau   Таяуда  шаһарымызда өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Зеленов ауданы мемлекеттік мұрағатының басшысы Айгүл Жармұхамбетова  Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатпен марапатталған болатын.

  Айта кетейік, 1996  жылдан бастап осы уақытқа дейін атаулы мекемені басқарып келе жатырған А.Жармұхамбетова ауданның өсіп-өркендеуінде елеулі еңбек етуде. Өңір тарихын жинақтауда еңбек ардагерлерімен  бірге ұдайы жұмыстанып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан  атақты адамдар жөнінде жеке тектік қор жинақтауға үлкен көңіл бөледі.


   Жиырма жыл жылы орнын суытпаған Айгүл Қайырғалиқызы жұмыс барысында облыс әкімінің, БҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен, мақтау грамоталарымен марапатталған. Мәселен, 2003 жылы облыстық мұрағатшылар конкурсында 2 орынды иеленді. Ал, 2008 жылы  «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы »  ҚР Заңының 10 жылдығына орай өткізілген облыстық байқауда  А.Жармұхамбетова басқарып отырған ұжым «Үздік өндірістік ұжым» атағын  алды.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале