30.08.2015, 18:14
Оқылды: 20

Облыс әкімі Ақ Жайық жұртшылығын Ата заң мерекесімен құттықтады.

Oblis akimi ata  zanmen kyttik  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңір жұртшылығын ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

«Әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алып, толыққанды мемлекет болып танылуымызда еліміздің негізгі заңы - Ата заңымыздың орны айрықша.

Ата заңымыз - Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Бұл қазақ жерін мекендеген байырғы жұрттың сан ғасырлық арманы болса, демократиялық даму жолын таңдаған жас республиканың басқа елдермен терезесі тең болып, қанатын кеңінен жаюына мүмкіндік береді. Ең бастысы, негізгі заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуының кепілі ретінде өміршеңдігін көрсетті.

Биылғы жылдың біз үшін маңызы ерекше. Себебі ағымдағы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығын кең көлемде атап өтіп отырмыз.

Мемлекетіміз осы жиырма жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында талай биік белестерді бағындырды. Бүгінде әлемдік аренада еңсеміз тік, бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің ендігі межесі - дамыған үздік 30 ел қатарына ену.

Сондай-ақ еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерімізге зор екпін бермек. Олар өндірген тауарларын шетел нарығына шығаруға мүмкіндік алды.

Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!» делінген онда.

 www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале