19.08.2016, 15:42
Оқылды: 16

Облыс әкімі А.С. Көлгінов Е. Ларионоваға құттықтау телеграммасын жіберді

LarionovaKatya                                    Облыс әкімі Алтай Көлгінов Екатерина Ларионованы  еркін күрестен қола медаль алуымен құттықтады.


Телеграммада: «Сізді шын жүректкен Олимпиада ойындарында қола медаль алуыңызбен құттықтаймын. Сіздің сәтті жеңісіңіз тек өңіріміздің ғана абыройын емес, бүкіл Қазақстанның спорттық дәрежесін алға жетеледі. Өте жауапты кездесуде ержүректік көрсете білгеніңіздің арқасында Қазақстан тұрғындары рухтанып, өсіп келе жатқан жас өркендер сізден үлгі алатын болады. Спорт әлемінде жаңа белестерді бағындырып, жоғары орындардан көріне беріңіз», делінген.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале