20.08.2015, 18:02
Оқылды: 35

Облыс әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырыс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен төрағалық етті

Oblis aikmdigi kishi zaliB Maken   Басқосуда алғашқы болып  "БҚО Азаматтық Альянсы Ассоциациясының"  президенті Ә.Сәлиеваның облыстағы экономика саласындағы әйелдердің үлсесі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы ақпараты тыңдалды.

- Қазақстанда орта және шағын бизнесте ерлерге қарағанда әйелдердің үлесі басым. Кәсіпкерліктің көлемі аз болған сайын, әйелдердің саны арта түсетіні анық. Әйелдер көбіне денсаулық сақтау, жеке білім беру, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету салаларында жұмыс  жасағанды ұнатады.Ал, соңғы кездері өндірістік салада да кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны  артып келеді.

Облыста  орта және шағын бизнестің 50%-н әйелдер құрайды. Мысалы, 300-ге тарта кәсіпкердің басын қосатын "Ақжол" Ассоциациясының мәліметіне сүйенсек,  оның 80%-н әйелдер басқарып отыр. Ал шағын бизнесте түгелдей әйелдер. Әйелдердің бұндай қадамға баруына 90-жылдардағы елдегі оқиғалар әсер еткені сөзсіз. 90-жылдардағы  әйелдердің бұл бизнесі еліміздегі экономиканың дамуына едәуір үлесін қосқан болатын, - деді Әлия Өтемісқызы.

Одан әрі облыстық БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы М.Жәрдемов тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. "Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры Ганди Шәмкелова  қоғамда әлі де болса әйелдерге көрсетілетін қысымның азаймай отырғандығын тілге тиек етті. Екі жылдан астам уақыт  жұмыс жасап келе жатқан орталыққа күні бүгінге дейін 500-ге жуық адам көмекке жүгінген. Оларға психологиялық, моральдық және орталықта бейімделу жағынан дер кезінде көмектер көрсетіліп отырған.

Бұдан кейін облыстағы көшбасшы әйелдердің мектебінің жұмысы туралы "Әлем және әйел" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л.Садықованың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып жүрген әйел азаматшалардың базасын жасақтап, аудандық көшбасшы әйелдердің мектебін құру туралы ұсынысы талқыланды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен " - шартты түрде бизнес әйелдер мен ерлердікі деп екіге бөлінгенмен, бизнестегі әйелдерге қолдау көрсету - мемлекеттің маңызды тапсырмаларының бірі. Әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, мемлекет жұмыссыздықты төмендету, балаларға қамқорлық көрсету, отбасылық құндылықтарды сақтау секілді  өзге де қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға жол ашады, - деп қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале