9.07.2016, 16:35
Оқылды: 14

Облыс әкімі жол жөндеушілермен кездесті

Облыс әкімі жол жөндеушілермен кездесті   Жұмыс барысына қаныққан облыс басшысы жол жөндеушілерге ат басын тіреді.
Облыс пен Жаңақала ауданы арасындағы үлкен жоды асфальттау өткен жылы аяқталып, игілігін ел көріп жатқаны баршаға аян-ды. Десе де мерзімі келгенде жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыратыны белгілі.


   Биылғы жылы «Чапаев-Жаңақала-Сайхын» автожолының 51-76 шақырымдары аралығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 1200 млн. теңге қаржы бөлініп, жарияланған конкурс жеңімпаздары болған мердігер «Uniserv» ЖШС жұмысты бастап кеткен болатын.

  Өңір басшысы А.Көлгінов жол жөндеушілермен жүздесіп, жөнделіп жатқан жол сапасы жайында пікірлесті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале