25.06.2016, 20:31
Оқылды: 17

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды

FB_IMG_1466864769194Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.


 

Өңір басшысы ауданға сапары барысында аймақтағы бірқатар мекеме-кәсіпорындарда болып, кәсіпкерлік нысандары мен шаруа қожалықтары жұмыстарымен танысты.

FB_IMG_1466864789716Өңір басшысы жұмыс сапарын «Жымпиты-Қаратөбе» автожолының орташа жөндеу жұмыстарының жүру барысымен танысудан бастады.
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша бас мердігер «Uniserv» ЖШС (жетекшісі Нұрғазы Сәтбаев) салып жатқан жолдың жобалық құны 2,6 млрд. теңгені құрайды.
Жол сапасына техникалық қадағалауды «Сана Маркет» ЖШС жүргізсе, «Мега Проект» ЖШС басты жобалаушы болып табылады.
Ағымдағы жылы жолдың 34 шақырымына тас жол төселінеді деп жоспарланған. Оған 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале