4.06.2016, 17:19
Оқылды: 30

Облыс әкімі Зеленов ауданындағы «Калининское» шаруа қожалығының күздік егіс алқабымен танысты

????????????????????????????????????

     Бүгін облыс басшысы Алтай Көлгінов Зеленов ауданына жұмыс сапарымен болды.

   Ынтымағы мен бірлігі үйлесім тапқан Зеленов ауданы алқапты егінімен әмбеге аян. Жыл сайын мол өнім алып келе жатырған бұл өңірде өсімдік шаруашылығымен айналысатын ірі шаруа қожалықтар баршылық.


   Солардың бірі Переметный селолық округіндегі «Калининское» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

  Жұмыс  сапарын алдымен осы  серіктестіктің күздік егіс алқабымен танысуды құп көрген облыс әкімі аталмыш серіктестік басшысы Юрий Каркуламен кездесті.

   Жалпы жер көлемі 9903 гектарды құрайтын серіктестікте бүгінгі таңда 40 адам тынымсыз еңбектенуде.

   -  Шаруашылық өндірісінде  техникамыз -10. Мәселен, соның ішінде, трактор -2,  (Джон-Дир-1, МТЗ-1221-1), комбайн-3 (Джон-Дир-3), тырма-1, тұқым сепкіштер - 4.

   Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарын айтатын болсам, егіс көлемі – 5673. Соның ішінде, бидай -215 га, қара бидай-360 га, жаздық бидай -2298 га, арпа -1000 га, күнбағыс -1000 га, мал азықтық дақылдар -800 гектар,-дейді серіктестік басшысы Юрий  Витальевич.

  Өсімдік шаруашылығының мән-жайымен танысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде серіктестік басшысына  мол өнім алудың оңтайлы сәтін қалт жібермеуін айта отырып, еңбектеріне сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале