3.02.2016, 0:50
Оқылды: 20

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Жәнібек-Қазталов» тас жолында жасалынып жатырған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

 Janibek akim jol   Жәнібек ауданы әкімінің ел алдындағы есебіне қатысуға келген өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «Жәнібек-Қазталов» республикалық маңызы бар жолының 20 шақырым бөлігіне жасалынып жатырған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.


Бұл үлкен жұмысты өткен жылы мердігер «РСУ-1» ЖШС қолға алып, 6,2 шақырым жолдың негізгі жабынын аяқтаған. Биыл республикалық бюджеттен осы жұмысқа 800 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Аталған жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен облыс әкімі жіті танысып, облыстағы тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале