10.02.2016, 17:45
Оқылды: 28

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Зеленов ауданына іссапармен барды

 12675148_543627325801640_599768213_o  Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Зеленов ауданына іссапармен келді. Дәл осы күні аудан әкімі Кәрім Жақыпов өткен жылы атқарылған жұмыстар хақында ел алдында есеп берді.


Алдымен аудан өмірімен танысқан өңір басшысы өткен жылы жаңарған мәдениет үйінің жағдайын білді. Айта кетейік, мәдениет ошағының күрделі жөнделуіне республикалық бюджеттен 230 млн. теңге қаражат бөлініп, іргетасы осыдан қырық жыл бұрын қаланған ғимараттың жарынан басқасы толықтай ауыстырылып, жаңартылған. Мәдениет пен өнердің киелі шаңырағында 380 орынға шақталған концерт залынан бөлек жас жұбайларға арналған неке қию залы, спорт залы, әдістемелік бөлмелер мен өрендерді өнерге баулитын түрлі үйірме кабинеттері жасақталған.

Сондай-ақ 58 мыңнан астам кітап қоры бар аудандық кітапхана да осы ғимаратта орналасқан. Мәңгілік парасаттың киелі мекені оқырман залы, абономент бөлімі, жинақтау бөлімі мен 17 мыңнан астам қоры бар орталық балалар кітапханасын қамтиды.

www.zhaikpress.kz

Зеленов ауданы

Ауыл тынысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале