9.02.2016, 15:49
Оқылды: 21

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сырымдық спортшылармен кездесті

Sirim ardager sportshilar   Осы күні Жымпитыдағы денешынықтыру – сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жергілікті спортшылармен кездесуі болды.

Кездесуде сөз сөйлеген ауданның ардагер спортшысы Ғилаж Қаналиев спорт деген дүниенің бірліктің, татулықтың насихатшысы екендігін айтты. Жас чемпиондар атынан сөз алған самбодан Азия чемпионы ГауҺар Серікова өз сөзінде Сырым ауданы әлі де спорт саласында жаңалықтар жасауға дайын деп сендірді.


 Сырым ауданы халқының 26 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады. Кейінгі жылдары аудан халқының спорттық шараларға қатысу деңгейі де екі есеге өскен. «Тұрғындардың арасында салауатты өмір салтының қалыптасу үрдісін арттыратын бір себеп – спорт нысандары қатарының артуы. Былтырғы жылы пайдалануға берілген Сырым ауданындағы көпфункциялы спорт кешені де - бұқаралық спортты өркендету үшін жасалған ірі қадамдардың қатарына жатады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің сөзінде, Елбасының спортпен тұрақты шұғылданушы халықтың қатарын көбейту тапсырмасын орындауда батысқазақстандықтардың нақты үлесі бар деді.

Кездесу соңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне «ГАЗель» автокөлігінің кілтін тапсырды. Кейін спорт кешенінің жұмысымен танысты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале