5.02.2016, 12:02
Оқылды: 15

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Шыңғырлау ауданында тұрғындармен кездесті

Akim Shingerlau 01    Билік пен халық арасындағы байланыстың ашықтығы, өңірдегі атқарушы органдардың елді басқару, облыс, аудан немесе ауыл экономикасын ілгерілету мен тұрғындар жағдайын жақсарту бағытындағы іс-әрекеттерінің мөлдірлігі, тиімділігі және халық сұранысының, талаптарының орындалуы, сонымен қатар, алдағы уақытқа белгіленген жоспарларды саралау, сараптау және кейбір елдік мәселелерді тұрғындар алдында келісе отырып шешу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде түрлі деңгейдегі әкімдер есебі өткізіліп келеді. Бұл аудан-ауыл жағдайымен жергілікті тұрғындардың етене танысуына да үлкен мүмкіндік берер шара.

   Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Шыңғырлау ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Аудандық Мәдениет үйінде өткен шарада облыс басшысы жиын алдында жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесіп, бүгінгі шаруа ахуалы, кәсіпкерліктің жай-күйі туралы әңгімелесті.


   Мәдениет Үйінің шағын залында орналастырылған ауыл округтерінің жетістіктері, кәсіпкерлердің алдағы уақытқа межелерін белгілеген макетті жоспарларымен танысты.

    Кәсіпкерліктердің бүгінгі деңгейі, ертеңгі жоспары, болашақтағы ауқымы мен қиындықтар тудырып отырған мәселелері  тұрғысында сұрақтар беріп, олардың ел экономикасына, дамуына қосар үлесі хақында сыр тартты. Осы арада аудандық бөлім басшыларына сала бойынша сұрақтар қойып, атқарылған жұмыстар мен қиындық тудыратын мәселелер жөнінде қанықты.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале