18.02.2016, 16:29
Оқылды: 37

Облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың халық алдында есеп беру кездесуі «Теннис орталығы» ғимаратында өтеді

BKO AKIMI    Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында облыс әкімі Н.А.Ноғаев 2016 жылдың 24 ақпанында сағат 11.00-де жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесуін өткізеді.


Кездесу «Теннис орталығы» ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Орал қаласы Астана шағын ауданы, «Құрылыс 17».

Облыс тұрғындары облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен аудандарда орнатылған арнайы жәшіктерге салуларына болады. Сондай-ақ, ұсыныстарды [email protected] электронды поштасы және облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің редакцияларына жолдауға болады.

Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

www.zhaikpress.kz

Облыс әкімі аппаратының

ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале