19.08.2015, 20:26
Оқылды: 83

Облыс әкімі Н. Ноғаев еңбек ардагері Мүсір Айтасовты 80 жасқа толуына орай арнайы қабылдады.

Nogaev M Aitasov02 Мүсір Иманқұлұлы Ақжайық ауданының Мерген ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс болған ол, жеті кластық білім алып, Орал қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумына оқуға қабылданады. Оқуды тәмамдап, өңіріміздегі бірнеше ауданда кеңшар директорлығы қызметін атқарады.  Өмірінің отыз жылдан астам уақытын ауыл шаруашылығы саласына  арнаған.      М. Айтасов табанды еңбегінің арқасында бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Еңбек Қызыл Ту, "Халықтар достығы" орденімен қатар, облысымызда жалғыз өзі "Кеңес Одағының еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері" атағын иеленген.

- Адам баласы дүниеге келгеннен кейін еңбек етуі парыз.  Менің ұзақ жылғы еңбегімді елеп, облыс әкімінің қабылдағанына алғысымды айтамын. Кездесу барысында қызмет атқарған әр жылдардағы жетістіктерім мен қиыншылықтарым туралы ой бөлістік. Ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы және егін шаруашылығы саласындағы менің көрген-білген тәжірибелерім туралы әңгіме қозғалды, - деді кездесуден соң еңбек ардагері Мүсір Иманқұлұлы.

 www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале