5.02.2016, 16:13
Оқылды: 18

Облыс әкімі Н.Ноғаев шыңғырлаулық тұрғындарға басталған жылымыздың табысты болуына тілек білдірді

 Shingirlau 01   Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Шыңғырлау ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Аталмыш жиынға облыс басшысымен бірге облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, облыстық басқармалар мен сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық Мәдениет үйінде өткен шарада облыс басшысы жиын алдында жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесіп, бүгінгі шаруа ахуалы, кәсіпкерліктің жай-күйі туралы әңгімелесті. Мәдениет Үйінің шағын залында орналастырылған ауыл округтерінің жетістіктері, кәсіпкерлердің алдағы уақытқа межелерін белгілеген макетті жоспарларымен танысты.


Кәсіпкерліктердің бүгінгі деңгейі, ертеңгі жоспары, болашақтағы ауқымы мен қиындықтар тудырып отырған мәселелері  тұрғысында сұрақтар беріп, олардың ел экономикасына, дамуына қосар үлесі хақында сыр тартты. Осы арада аудандық бөлім басшыларына сала бойынша сұрақтар қойып, атқарылған жұмыстар мен қиындық тудыратын мәселелер жөнінде қанықты.

Аудан әкімі А.Халеловтың өткен жылға атқарылған жұмыстар туралы есебімен басталған жиында ауданымыздың алдағы уақытқа да жоспарланған межелері аталып, әкім жұмысы тұрғындар тарапынан жақсыға бағаланды.

Облыс әкімі Н.Ноғаев тұрғындарға басталған жылымыздың сәтті, табысты болуына тілек білдіре отырып, өткен жылғы басты іс-шаралар елбасы сайлауын өткізу мәселесінде ұйымшылдық, бірлік танытқан көзі ашық, көкірегі ояу, қоғамдық шараларға белсенді атсалысатын шыңғырлаулықтардың алдағы Парламент мәжілісі  мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқанына да саналы көзқараспен қатысуға шақырды.

-Өздеріңізден түскен ұсыныс пен пікірлерге басымдық бере отырып, біз талай мәселелерді бірлесе шеше алдық, осылай жалғастыру керек. Орындалған жұмысқа, аудан әкімінің қызметіне оң бағамды беремін және менің жергілікті жерлердегі әріптестеріме, жергілікті билік орындарына көрсеткен қолдау-көмектеріңіз үшін алғыс білдіремін,- деді аймақ басшысы.Жұмыс бабымен әр өңірде болып жүреміз, әр мекеннің, аймақтың өз ерекшелігі, мүмкіндігі бар, Шыңғырлау ауданының ахуалы ауданға кіре берістен-ақ көрініп тұрады, бірыңғай ілгерілеушілік, алға басу. Халқы ұйымшыл, саналы, еңбеккер. Алдағы уақытта да алауыздықтан алыс, ұйымшылдыққа бейім болайық, бұл ел ішіндегі ірі істерге жол ашады деп түйіндеді өз сөзін Н.Ноғаев.

Аймақ басшысының оң бағасы тұрғындар көңілін марқайтып, алдағы күндерге сергектікпен қарап, серпінді еңбек етуге шақырғандай.

 www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале