29.04.2016, 18:18
Оқылды: 20

Облыс әкімі олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қабылдады

   Akim Sapievv          Облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге келген олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қабылдады.


         -Серік Жұманғалиұлы 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында біздің шақыртуымызды қабыл алып келгеніңіз үшін ризашылығымызды білдіремін. Еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, үлкен жарыстарда қол жеткізген жеңістеріңізге қуанып жүреміз. Өңірімізге келген сапарыңызда артыңыздан ерген жас спортшылармен кездесіп, шеберлік класын бергеніңіз, кешешек ұрпақ үшін үлкен дәреже, мақтаныш деп білемін. Елбасымыз ұстанған басты бағыттың бірі бұқаралық спортты дамытуда, жас жеткіншектерді барынша спортқа баулуда зор еңбек атқарып келесіз. Ертеңгі жүздеген қала тұрғындары мен қонақтары қатысытын вело шеруге сіздің де қатысатыныңызға қуаныштымыз, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

         Олимпиада чемпионы өңір басшысына уақыт тауып қабылдағаны үшін  алғысын білдіріп, алдағы уақытта да еліміздегі спортты дамытуға өз үлесін қосатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале