3.09.2015, 19:17
Оқылды: 27

Облыс әкімі Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады

Kyrilis Oral  Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.

Орал-Атырау және Орал-Саратов күре жолдары аралығында жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үй құрылыстарын «СКФ Отделстрой» ЖШС, «Алтим» ЖШС және «СВ-плюс» ЖШС жүргізуде.

Коммуналдық саланы қайта құрылымдау жұмыстарын да аралап өткен өңір басшысы сала басшылары мен мердігерлерден құрылыс барысындағы қиындықтар жөнінде сұрап, нысандарды мерзімінде пайдалануға беруді нақтылап тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале