18.06.2016, 15:09
Оқылды: 25

Облыс әкімі Тасқала ауданында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

task 003  Тасқала аудандық мәдениет үйінде аудан кәсіпкерлерімен өткен кездесуде облыс басшысы өңіріміздегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып жатырған игі істерге тоқталды. Аудан кәсіпкерлері өз істері, болашақ жоспарларымен бөлісіп, түйіткілді сауалдарға тиісті жауаптар алды.


  Кәсіпкерлермен болған кездесуден соң облыс басшысы ауданға қарасты Ақтау ауылы бағытындағы "Жәнібек" шаруа қожалығының егіс алқаптарында болып, ауданда егістікпен айналысатын ірі шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесті.

   Ержан Хаиров жетекшілік ететін "Жәнібек" шаруа қожалығы иелігінде 1533 га егіс алқабы бар. Оның 90 га күздік бидай, 180 га жаздық бидай, 329 га күздік қара бидай, 54 га көп жылдық шөптер. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруалар биылғы жылдың ауа-райы егістік үшін өте қолайлы болғандықтан егіннің бітік шыққандығын айтты. Өңір басшысы аудан әкіміне егінді уақытылы, шашаусыз жинап алуы үшін шаруа қожалықтарына барынша жағдай жасауды тапсырды.

  Екінші Шежін ауылында болған өңір басшысы Нұртай Жұмашев басшылық ететін "Лайге" ЖШС өз қаржысына салып жатырған 50 орындық интернат құрылысымен танысты. Жоба құны 90 млн. Жалпы көлемі 2250 шаршы метрді құрайтын интернатта 616 шаршы метр жатын бөлмелері, 220 шаршы метр асхана орналасқан. Өткен жылы басталған құрылыс жақын күндері пайдалануға берілмек.

  Сонымен қатар облыс әкімі биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп жатырған Шежін мектеп-балабақшасында болды. 101,5 млн қаржыға жөнделіп жатқан балабақша тамыз айында пайдалануға берілмек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале