14.05.2016, 18:21
Оқылды: 22

Облыс әкімі Теректі ауданындағы Ақжайық ауылында болды

03    Теректі ауданындағы Ақжайық аулына аялдады. Кеңестік кезеңде суармалы алқаптарды қалыпты ұстап тұрған үлкен сусорғыштар болған ауылда қазір ондай құрылғылар жоқ. Сондықтан, суармалы, жайылымды жерлер тарыла бастаған.


      Бүгін Ақжайық аулына барған облыс басшысы Алтай Көлгінов мән-жайды көзбен көрді.

     -Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Егер бұл жобаны жүзеге асырып, 45 шақырымдық каналды сумен қамтамасыз ететін болсақ, 35-40 мың гектар жерді суармалы ете аламыз. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығының дамуына оң септігін тигізеді. Сондықтан біз осы жұмысты қолға алып отырмыз,- деді облыс әкімі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале