9.07.2016, 16:31
Оқылды: 17

Облыс әкімі шабындық басында болды

Облыс әкімі шабындық басында   Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданындағы іс-сапарын қызылобалық шаруалармен кездесіп, округтегі лимандардың суландыру жүйесімен және биылғы мал азығын дайындау жұмысының барысымен танысудан бастады.


    Бұл округте аумағында 13704 гектар Қарасу, 2860 гектар Төртқұлақ, 2608 гектар Парфель сынды барлығы 6 лиманы бар. Биыл Қарасу лиманының 6 мың гектарына, Төртқұлақ лиманының 2,5 мың гектарына су түсірілді. Су толық және тиімді берілген жылдары бұл лимандардан мал азығының мол қоры жасақталатынын тілге тиек еткен шаруа қожалықтарының басшылары соңғы жылдардағы су алу қиындықтарын өңір басшысының қаперіне берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале