19.10.2016, 17:28
Оқылды: 51

Облыс әкімі өнер майталмандарын қабылдады

kabildau-akim  Облыс әкімі Алтай Көлгінов ҚР халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек  Бекбосын, «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиев, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қайрат Какимов сынды өнер майталмандарын арнайы қабылдады.


   Облыс басшысы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген Мұхит бабамыздың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени шараларды өткізуге қолдау танытып, сонау жақтан ат басын бұрып, арнайы келген өнер қайраткерлеріне шынайы алғысын білдірді.  Біз кездесуден соң «Сары дала сағынышы-сал Мұхит»  республикалық дәстүрлі әншілер байқауының әділқазылар алқасының төрағасы Қажыбек Бекбосыннан республикалық байқаудың қай деңгейде өтіп жатқанын сұрадық.  Белігілі әнші-термеші өз ойын былай жеткізді:

   -Жалпы еліміз бойынша дәстүрлі ән байқауының деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Біз сонау жылдардан бері осы өнердің басы-қасында жүрміз ғой. Бұрын осындай байқауларға қатысушылар  он адамнан аспайтын. Қазір олардың қатары  жылдан-жылға көбейіп келеді. Байқау тартысты өтті деуге болады. Осы байқауға еліміздің әр түкпірінен жас таланттар келіп қатысуда. Мұхиттың әндерін кез-келген адам айта алмайды. Оның әндерін шырқау үшін кең диапазонға қоса, тебіреніс, үлкен күш-қуат керек. Бірақ жастарымыздың талпынысына риза болдық.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале