2.10.2015, 14:11
Оқылды: 28

Ойларын ортаға салды

Janibek oilarin ortaga saldi  «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының ауқымында қариялар күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев кіріспе сөзбен ашып, дөңгелек үстел басына жиналған ардагерлер мен жастарды ойларын ортаға салып, пікір алмасуға шақырды. Бас қосу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев, ардагер ұстаз Сәния Ғайношева, еңбек ардагері Ғайнолла Айдынәлиев, мәдениет саласының ардагері Уақит Сариев жастарға патриоттық тәрбие беру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, халқымыздың салт-дәстүрін дамыту, отбасы құндылығын сақтау хақында ұлағатты әңгімелер өрбітті. Жиынның ара-арасында Елжас Ғарифолла, Әлішер Қайыров сынды оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Дөңгелек үстел басында жастар ардагерлерге сауалдар қойып, тәлімді әңгімелері үшін алғыстарын айтты.

www.zhaikpress.kz

                                                                               Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале