1.06.2016, 18:24
Оқылды: 50

«Ойыншықтар әлеміне саяхат» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

????????????????????????????????????

    Бүгін облыстық  тарихи-өлкетану музейінде қалалық «Шолпан», «Лесная сказка», «Балбұлақ», «Заңғар», «Еркем-ай», «Снежинка» бөбекжайлары мен Серебрякова кентінің бөбекжайларының Халықаралық балаларды қорғау  күніне  орай дайындаған «Ойыншықтар әлеміне саяхат» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.


   Көрмеге аталмыш бөбекжайлардың Кеңес үкіметі заманынан бастап бүгінгі күнге дейін сақталған қуыршақтары мен әр түрлі ойыншықтары қойылды.

   Көрменің ашылуына аталмыш бөбекжайлардың ұжымы, бүлдіршіндер және ата-аналар мен музей қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

   Мерекелік шараны Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары А.М.Кабиев құттықтау сөзімен бастады. Кейін қалалық №9 «Еркем-ай» бөбекжайы,  №34 «Балбұлақ» бөбекжайы және №6«Шолпан» бөбекжайының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті.

    «Ойыншықтар әлеміне саяхат» атты көрмесі барысында балалар педагогпен бірге бірнеше аялдамаға саяхат жасап, көрермендерге тақырыптар бойынша тарихи қызықты мәліметтер айтып, экскурсия жүргізді.

    Шара соңында еліміздің ертеңі – жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуге зор үлес қосып, әрдайым облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен шараларға белсенділік танытып, музей ұжымымен бірлесе атқарып жүрген игі істері үшін №6«Шолпан» бөбекжайының қызметкері Гүлнар Меңдіғалиқызына алғыс хат табысталды. Сонымен қатар айтулы мерекеге орай музей қабырғасында «Ойыншықтар әлеміне саяхат» атты көрмесін жабдықтауға ат салысқан «Шолпан», «Лесная сказка», «Балбұлақ», «Заңғар», «Еркем-ай», «Снежинка» бөбекжайлары мен Серебрякова кентінің бөбекжайлары да алғыс хаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале