26.08.2015, 17:26
Оқылды: 29

Округ әкімдері брифинг өткізді

IMG_0566«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясында Сарой ауылдық округі әкімі Сағидоқас Бисенғалиев пен Бұлан ауылдық округінің әкімі Тарас Ихсанов брифинг өткізді.

Округ әкімдері әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салалары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, сауалдарға жауап берді.

Сарой ауылдық округінде 24 отбасы бірігіп, ауылдық тұтыну кооперативін құрып, жұмысын бастап кетті. Кооператив төрағасы Манас Алдамжаров. Кооператив мүшелері үкіметтен берілген  жәрдемақыға  ауыз су құдығына сусорғы алуды жоспарлап отыр.

Бұлан ауылдық округінде Жамбыл негізгі мектебіне жылы еден салу жұмыстары аяқталып қалды. Мұнда 14 отбасы тізе қосып, 120 баспен ауылдық тұтыну кооперативін құрды. Шідерті өзенінен «Достық» лагеріне су тартылып, лагерь жанынан аудандық білім беру бөлімінің қаржыландыруымен монша салынды.

Қос округ тұрғындары да биыл көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

www.zhaikpress.kz

Ш.ЯУДАҚЫЗЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале