2.12.2015, 17:36
Оқылды: 13

Октябрь елді мекенінде өрттен бір адам қаза тапты

ortten 1 adam kaza tapti   2 желтоқсан күні сағат 03.49 шамасында Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Октябрь елді мекенінде тұрғын үй өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрге жетті. Сөндірілгеннен кейін өрт орнынан 1951 жылғы зейнеткер О-ның мүрдесі табылды.


Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 753 өрт тіркелсе, соның 499-ы тұрғын үйде орын алды. Өрт салдарынан 10 адам қаза тауып, 25-і түрлі жарақат алды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале