24.08.2016, 17:37
Оқылды: 21

Олимпиаданың қола жүлдегері атанған Екатерина Ларионованы қарсы алу шарасына қатысайық!

Katya  28 тамыз күні Орал қаласының халықаралық әуежайында сағат 17.00-де Рио-де-Жанейрода өткен XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушыларын және әйелдер күресінен қола жүлдеге ие болған Екатерина Ларионованы қарсы алу шарасы өтеді.


  Өңірімізден XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды қарсы алу шарасына қатысқысы келген қала тұрғындарына Орал қаласының халықаралық әуежайына бару үшін арнайы көлік бөлінеді.

  Ол үшін сағат 16.00-де «Ақжайық» ФК стадионы қақпасы алдына (Құрманғазы, 179/5) келуіңізді сұраймыз.

    Өңір спортшыларына қолдау көрсетейік!

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале