27.05.2016, 16:49
Оқылды: 25

Олимпиада ойындарына қатысатын өңір спортшыларына қолдау көрсетейік!

olimpiada    2016 жылдың 29 мамыр күні Орал қаласында Бразилия мемлекетіндегі Рио-де-Жанейро қаласында өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын өңір спортшыларына қолдау көрсету мақсатында көпшілік флеш-моб өткізіледі.


   Қазіргі дерек бойынша, жазғы олимпиада ойынына облысымыздан 4 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар Алексей Ергучев пен Андрей Дергунов байдарка мен каноэдан,  Георгий Шейко жеңіл атлетикаға жататын спорттық жүруден және Екатерина Ларионова әйелдер күресінен олимпиада лицензиясын ұтып алған.

    Іс-шара «Ақжайық» футбол клубында (Құрманғазы көшесі, № 179/5 үй) сағат 10.00-де басталады.

   Барша қала тұрғындарын және қала қонақтарын шараға  белсене қатысып, байрақты бәсекеде көк туымызды желбіретіп, ел намысын қорғайтын өңір спортшыларына қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале