31.05.2016, 15:18
Оқылды: 25

Ол жылдар мәңгі жадымызда  

zelenov repressiaЗеленов ауданы орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел оздырылды.


Ел тарихының ақтаңдақ беттерінде қасірет пен қайғының табы қалған найзағай жылдарды еске алып, боздақтарға тағзым еткен шараға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев, репрессияға ұшыраған жандардың ұрпақтары, тарихшы ұстаздар, аудан орталығындағы бөлім, мекеме мамандары мен жастар қатысты.

Тарихшы ұстаздар репрессияға ұшыраған отандастарымыз туралы тың деректер келтіріп, еліміздің аумағында болған түзету, еңбек лагерлеріндегі адам төзгісіз жайттар туралы да айтып берді.

Солақай саясаттың құрбанына айналған репрессия құрбандарының ұрпақтары Гүлнара Өтешева мен Роза Любавинаның аталарының тағдырлары туралы тебірене айтқан естеліктері репрессияның қаншалықты қиын әрі ауыр болғандығын көрсеткендей.

Жиынды Талшынай Орынбекқызы: - Ешқандай сотсыз бір-ақ оқпен адам тағдырын шеше салған заманды басымыздан өткердік. Кезінде айта алмағанымызды айтып, тарихымыздың ақ таңдақтарын ашып жатырмыз. Бұның барлығы тәуелсіздігіміздің арқасы. Аға ұрпақ қасіреті ешқашан оралмасын. Біз репрессия құрбандарын ұмытпауымыз керек,-деп түйіндеді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале