7.10.2016, 16:22
Оқылды: 35

«Онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу» жобасы бойынша жұмыстануда


%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b0%d0%b6-300 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап БҚО «Азаматтық Альянс» ЗТБ облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу» жобасы бойынша жұмыстануда.


Бұл жобаның басты мақсаты - қарапайым халықты, соның ішінде студенттерді, бұл катерлі дерт жайында уақытында ақпараттандырып, түсіндіру. Себебі жыл санап онкологиялық ауруға шалдыққандар қатары жасарып отыр. Осы мақсатта оқу орындары мен мектептерде семинарлар өтті.

Соның ішінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде бірқатар семинарлар өткізілді.

Семинарлар Азаматтық Альянстың психолог маманы Дана Қуанышәлиева мен онкологиялық аурухананың дәрігерлері Балсұлу Шувалиева мен Ксения Долженконың қатысуымен өтті.

Жоба кураторы - Асланбек Ақшалов. Онкологиялық аурулар жайлы ақпараттарды студенттер асқан қызығушылықпен тыңдап, психолог өткізген түрлі тренингте белсенділік танытты.

Жоба аясында БҚО «Азаматтық Альянс» ЗТБ  түрлі онкологиялық аурулар жайлы парақшалар таратты. Қала аумағында өткізген іс-шаралардан басқа Теректі мен Зеленов аудандарында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Әйгерім Омарова

БҚО «Азаматтық Альянсы»

баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале