22.04.2016, 19:13
Оқылды: 33

Онлайн режимінде сот процесі өтті

????????????????????????????????????

     Орал қалалық сотында онлайн режимінде сот процесі болды. Өңірімізде алғаш рет өткен бұл шараға ҚР Жоғары сотының департамент басшысы Ілияс Испанов пен облыстық соттың төрағасы Бек Әметов қатысты.


         Сот процесінде 1982 жылы туған, қазіргі уақытта БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты РУ-170/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Дамир Ахметовтың ісі қаралды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып табылатын ол 2014 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 360-бабы 1-тармағымен 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Жақын арада, яғни 27 сәуірде оның жазасын өтеу мерзімі аяқталмақшы. Бірақ Д.Ахметов осы аралықта өзін жақсы жағынан көрсеткен жоқ. Түзету мекемесінде ұстау режимін жүйелі түрде бұзған үшін ҚР Қылмыстық атқару кодескінің 111 және 131-баптарына сәйкес оған бір рет ескерту берілсе, екі рет тәртіптік изоляторға қамау жазасы белгіленді. Соған орай сотқа БҚО бойынша ҚАЖД-дан таяуда бостандыққа шығатын Д.Ахметовке әкімшілік қадағалау орнату жөнінде өтініш келіп түскен. Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов бұл өтінішті қанағаттандырды.

         Сот процесінен соң БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғары сотының департамент басшысы Ілияс Испанов онлайн режимінде сот процесін өткізу «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қолға алынғанын жеткізді.

  www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале