18.06.2015, 18:26
Оқылды: 21

Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!

JAnakala oraza kabil bolsin ystagan jan 17маусым күні Жаңақала аудандық орталық мешітінде Рамазан айының басталуына орай ауыл тұрғындары мен мекеме басшыларының бірлескен жиыны болды. Жиынды мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов ашып, ертеңгі басталатын Ораза туралы түсінік берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының барша қазақстандықтарға арналған үндеуін оқып таныстырды.  Бұдан кейін мінберге аудан әкімі Л.Р.Хайретдинов шығып, барлық аудан тұрғындарын Ұлық мереке – Оразаның басталуымен құттықтады. Мешіт жанынан салынып жатқан медресе  құрылысының биылғы Рамазан айына дейін бітпей қалғанына қынжылысын да жеткізді. Дін мемлекеттен бөлек болғандықтан құдай үйлері мен медреселердің халықтан жиналған қаражатқа ғана салынатынын, Рамазан айында істелген жақсылықтың еселеніп сауап болып қайтатыны туралы да айтып өтті. Сөзінің соңында медресе құрылысына өз отбасы атынан 100000 теңге қаржылай көмек ретінде бас имамға табыс етті. Ораза ұстаушыларға ауызашар өткізуді де жоспарлап отырғанын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Қазбек ҒАЙНЕДЕНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале