1.08.2016, 15:35
Оқылды: 58

«Оралбек батыр» дерекнамалық кітабының таныстырылымы өтті

Oralbek  Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінің мәжіліс залында "Біздің елдің жігіттері сериясымен шыққан «Оралбек батыр» дерекнамалық кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап авторы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Нұрлан Сәдір. Ал кітап пен серияның идеясын айтып, баспаханалық шығындарын көтерген белгілі заңгер Абзал Құспан.



«Оралбек батыр» кітабында Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан БҚО чемпионы, қазақша күрестен БҚО бірнеше дүркін абсолюттік жеңімпазы, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегері Оралбек Қожагелдиннің өмір жолы жинақталып, 1990 жылдардың аласапыранында әділет үшін күрескен, нарықтан тарыққан халқына қорған болуға ұмтылған, ұлт мүддесі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше үлес қосқан тұлғаның азаматтық қасиеттері суреттелген.
Шараны "Дана.кз" тарихи- танымдылық журналының редакторы Қазбек Құттымұратұлы жүргізді.
 Кітаптың тұсау кесеріне Оралбек Қожагелдиннің әпкесі, немере қарындастары жəне БАҚ өкілдері қатысты. Кітаптың басылып шығуына демеушілік жасаған Абзал Темірғалиұлы брифингте сөз сөйлеп, Оралбек сияқты ұлт азаматтарының көп болуына тілектестігін білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале